Сарысу ауданында ІТ-сынып ашылды. «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында партия Сарысу аудандық филиалы және Сарысу аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен ІТ-сыныптың салтанатты ашылуы өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында алғаш ашылған IT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Бұл сыныпта оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар құрастырады.
«Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын іске асыру мақсатындағы желілік кесте бойынша жыл соңына дейін облыс бойынша 12 ІТ-сынып ашу жоспарланған.
ІТ-сыныпта оқушылар мен мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтар, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.
ІТ-сыныпта оқушылар «STEM centеr» акдемиясының 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. Онда 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар оқытылады.
ІТ-сыныпта оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгереді. Онда оқушылар «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Онда оқушылар «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын меңгеріп шығады.
Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы Балабек Нарбаев «Нұр Отан» партиясының бұл бастамашыл жобалары Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайындығын көрсететін атап өтті.
Қазірдің өзінде ауданымызда жаңа партиялық жобалар өз жұмысын бастап кетті.
Ауданда шілде айында «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталығы» жобасы аясында Жайылма ауылында цифрлы ақпараттық орталық ашылса, алдағы уақытта аудандық орталық кітапхана базасында коворкинг орталығын ашу жоспарлануда.