Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтіп, оған аудан мектептерінің педагогтері қатыстырылды.
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері сабақтарында оқу процесін жобалауда заманауи әдістерді, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курсын «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты өткізді.
Педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған курс барысында пән мұғалімдері қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда заманауи әдістерді, цифрлық ресурстарды және жасанды интеллект құралдарын қолдануды, оқушылардың оқу сауаттылығын, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған зерттеу және жобалық жұмыстарын ұйымдастыруды, инклюзивті және құндылыққа бағытталған тәсілдерді білім беру процесінде қолдануды меңгерді.
Дәрісті жүргізген «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Гүлхан Аманова қазіргі таңдағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдерді меңгертті. Аталған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері сабақтарында оқу процесін жобалауда заманауи әдістерді, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану, зерттеушілік қызметті ұйымдастыру, тілдік дағдылары және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, құндылыққа бағытталған және инклюзивті оқытудың тәсілдерін енгізу арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін көрсетті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқыту курсы ұстаздардың кәсіби дамуына тың серпін берді. Шара барысында заманауи оқыту әдістері мен тиімді педагогикалық тәсілдер кеңінен талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасу арқылы білімдерін жетілдірді. Мұндай шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, білім сапасының жақсаруына да оң ықпал етеді.
Гүлнұр Құрманбекова,
Ә.Сағынтаев атындағы орта
мектептің мұғалімі.
Үшарал ауылы.