ЖАҢАРУ КҮНІ ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Наурыз мерекесін атап өтудің алтыншы күні — Жаңару күні.Бұл күн көктемгі ағаш отырғызу дәстүріне арналды.
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі.
Бұл күні үлкендер тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады.
Бүгін аудан орталығы Жаңатас қаласындағы «Жасыл белдеу» алаңшасына тал отырғызу шарасы өтті.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандағы аға буын өкілдері – ардагерлеріміз, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.
Наурыз табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгілі, тазалық пен еңбек айы екендігін айтқан аудан басшысы тал егуге келген көпшілікті мерекемен құттықтаса, аудан қариялары тал-дарақтар отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр екендігін айтып, игілікті шараға ризашылықтарын білдіріп жатты.
Қоршаған ортаның жақсаруына, шырайының әрленуіне, жасы желекке бөленуіне өз үлесін қосуға келген аудан азаматтары тал отырғызу шарасына құлшына кірістіп кетті.
Бүгінгі Жаңару күні тал егу жұмыстары аудандағы барлық елді мекендерде өтіп жатыр.
Сарысу ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment