Жаңаөзенде жұмыссыз адамдар аштық жариялады: әкімдік жауап берді

Жаңаөзен қаласы әкімді қалада аштық жариялаған жұмыссыз қызметкерлерге қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік өкілдері Жаңаөзен қаласында арнайы алгоритм жұмыс істейтінін, оған сәйкес жұмыссыз тұрғындар жалпы кезекке сәйкес мұнай саласына жұмысқа орналасатынын айтады.

«Аштық жариялаған тұрғындар бұған дейін жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап еткен болатын. Оған әкімдік өкілдері кезекте тұрған басқа адамдарға әділетсіз болатынын айтып, келіспейтіндерін жеткізді. Қазіргі уақытта Жаңаөзенде жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндіктер бар», — дейді әкімдіктегілер.

Қалалық әкімдіктегілер мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан азаматтың мұнай саласына жұмысқа орналасуға тіркелген кезектілігі яғни алгоритм сақталатынын атап өтті.

«Бұл басқа жұмыс істей отырып, сіз мұнай-газ секторында өз кезегіңізді күте аласыз деген сөз. Құрметті жерлестер, біз сіздің кезексіз, қабылданған алгоритмнің шарттарын сақтамай мұнай-газ саласына тіке кіргізу жөніндегі талабыңызды орындай алмаймыз, өйткені бұл өз кезегін күтіп, әртүрлі салада тыныш жұмыс істейтін қала тұрғындарының құқықтарына нұқсан келтіреді», — делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/82784

Comments (0)
Add Comment