Жаңаарық ауылдық округінің әкімі cайланды.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы 1995 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2017 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 2021 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы «Қазақ орман орналастыру» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2 санаттағы маман-инженер таксаторы болып бастаған.
2020-2021 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы, 2022 жылдың ақпан-желтоқсан айларында Жаңатас қаласы әкімі аппаратының әдіскері, аударма жөніндегі редакторы, 2022-2023 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы, 2023 жылдың қыркүйек-қараша айларында Қамқалы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2023 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Жаңатас қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы қызметтерін атқарды.
Отбасылы, 2 ұл тәрбиелеуде.
Comments (0)
Add Comment