Осыған дейін алып өтетін жүк салмағы 50 кг-нан аспауы тиіс еді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 1 қаңтардан бастап кеденнен алып өтетін қол жүгінің салмағы 50 келіден 25 келіге дейін қысқарады.
«Қорғас» кеден бекетінен күніне орташа есеппен, 40 тоннадан астам қол жүгі өтеді екен. Ал қалыпты көрсеткіштен көбейіп кеткен қол қапшықтағы бір келі зат үшін 4 еуроға шақталып төленеді. Бекеттегі бақылауды берік етудің арқасында мемлекетке тек қол жүгінен күніне 1 миллион теңгеге шамасында түсім түсіп тұр.
Тауарды тегін алып өту салмағы тағы да төмендейтіндіктен, кедендік кіріс көлемі көбеюі мүмкін дейді бекеттегі бақылаушылар.