Жаңа мектеп ел игілігіне берілді

Жыл басы Ақжол ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалықпен басталды. Өйткені, мұнда №15 Жауғаш батыр атындағы мектепке жаңа ғимарат салынып, ел игілігіне берілді.⠀
Ақжолдықтар ауыл мектебіне жаңа ғимарат сұрағалы көп жылдың жүзі болған. Ауылдағы ескі мектеп 1931 жылы салынған болса, содан бері бұл ауылда жаңа мектеп болмаған. Бұл мәселені өткен жылы аудан басшылығы нақты қолға алып, бюджеттік өтінім берген болатын. Міне, жыл басында мемлекеттің қолдауымен Ақжол ауылында 80 орындық жаңа мектеп ашылды. ⠀
Салтанатты ашылу шарасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып, қуанышқа жиналған ауыл жұртшылығын жаңа білім нысанының ашылуымен құттықтады.⠀
Сондай-ақ салтанатты шараға аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, білім саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, ата-аналар мен білім алушылары қатысты.⠀
Мектептің құрылысына бюджеттен 452 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары жоба бойынша, өткен жылдың мамыр айында басталып, өз мерзімінде аяқталып отыр. Жаңа мектепке облыс әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан тапсырыс берілген болса, құрылысты мердігер мекеме – «ТемирСтрой Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.⠀
Жаңа мектептің материалдық-техникалық басазы 17 оқу бөлмесі, 32 орындық 1 асхана, 1 спорт зал, 1 лингафон кабинеті 2 зертхана, 1 кітапхана, және 1 шеберханамен жабдықталған.

Comments (0)
Add Comment