Белгілі жазушы Бек Тоғысбаев ертеректе жариялаған «Әкең де бала болған» атты шағын повесін автор роман деңгейіне көтеріп, басты кейіпкер – Дәуіттің студенттік шағын, қызметке араласқаннан кейінгі қиын тағдырын тілге тиек етеді. Оның ендігі өмірлік мақсаты — табиғат ананы қорғауға шамасы келгенше атсалысу, ел-жер алдындағы перзенттік парызын ақтау болды. Жазушының бұл жинағында басқа да қызықты повестері мен сол кезеңдегі өмір тіршілігіндегі әрқилы тағдырларды бейнелеген көптеген шағын әңгімелері таптастырылған. Кітап барша оқырманға арналған.
Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасы