Жаңа кезеңге — жаңа реформалармен!

Бүгін Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу өткіздік.
Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін маңызын жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің даму бағыттарын саралау .
Жиын барысында жаңа Конституция жобасының мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталып, алдағы өзгерістердің негізгі бағыттарын түсіндірдік. Бұл құжат – мемлекетіміздің болашақ бағдарын айқындайтын, әділетті қоғам құру
ға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы аса маңызды деп есептеймін.
Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын баяндап, 2026 жылға арналған басым міндеттерді таныстырды. Басты назар – медициналық көмектің сапасын арттыруға, қолжетімділігін кеңейтуге және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталмақ.
Кездесу барысында сала ардагерлерінің пікірлеріне ерекше мән берілді. Көпжылдық тәжірибесі бар мамандар өз ұсыныстарын айтып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты ойларымен бөлісті. Олардың бай тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – біз үшін қашанда құнды.
Ашық әрі сындарлы форматта өткен жиында қойылған барлық сауалдарға нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, ортақ міндеттерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.
Алдағы 15 наурыз күні өтетін референдум – еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихи сәт. Референдумға қатысу – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі.
Баршаңызды ел болашағы үшін маңызды осы саяси науқанға белсенді қатысуға шақырамын.
Comments (0)
Add Comment