ЖАМБЫЛДЫҚТАР БИЫЛ «ӘДЕМІ» АВТОКӨЛІК НӨМІРЛЕРІНЕ 113 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҰМСАҒАН

 Көлікті сатып алу және ресімдеу кезінде әрбір азамат көлікке мемлекеттік нөмір алады. 2022 жылы облыс бойынша автокөлік иелері (438 адам) «әдемі» нөмірлерге 113 миллион теңге жұмсаған. Клиент мамандандырылған бөлімде ұсынылған нөмірлерден таңдау жасап немесе «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер қатарындағы сандар немесе әріптерді қолдана отырып, өз қалауындағы нөмірге тапсырыс бере алады.
Көлік құралын сатқан жағдайда клиенттің VIP-номерді өз атына қалдыру құқығы бар. Тек Мамандандырылған бөлімге уақытша тапсыру керек. Қарапайым нөмірлік белгінің құны — 2,8 АЕК немесе 8 576 теңге. «Жоғары сұранысқа ие» нөмірлер құны 174 591 теңгеден 872 955 теңгеге дейін.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Comments (0)
Add Comment