Өткен айдың соңғы күндері Египеттің Хургада қаласында биатл және триатлдан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әлемнің 16 мемлекетінен барлығы 400 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеге аттанған Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында жамбылдық жампоздар да бар еді.
Жарыс қорытындысы бойынша, әулиеаталық өрендер – Темірлан Әбдірайымов биатлдан І орын, триатлдан ІІ орын және Дарья Кузьмина биатлдан І орын, триатлдан ІІ орын иеленіп, қанжығаларын майлап қайтты.
Биатл және триатлдан облыс спортшыларын аға жаттықтырушы Сергей Селиверстов баптаған болатын.