Жамбылдық оқушылар республикалық IQanat олимпиадасының ақтық сынына өтіп, білім бәсекесінде топ жарды.
Еліміз бойынша мыңға жуық ауыл балаларының басын қосқан олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы барлық шығындары толық өтелетін IQanat мектеп-интернатында оқуға мүмкіндік алады. Ал іріктеу кезеңіне сүрінбей өткен басқа да оқушылар үш жыл қатарынан ҰБТ-ға, халықаралық олимпиадаларға үздік оқытушылардан тегін дәріс алып, дайындығын пысықтауға мүмкіндік бар.
Олимпиаданың қорытындысы биыл Медеу таулы спорт кешенінде өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болмақ.
Айта кетейік, IQanat – бағдарламалары жыл сайын көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мыңға жуық баланы қамтитын әлеуметтік білім беру жобасы. Республикалық жоба түлектері қазіргі таңда әлемнің ең озық 15 университеттерінде білім алуда.