Меркі ауданы, «Тұран» демалыс аймағында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Ақпарат ағыны және біз» 1 күндік семинары өтуде.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастырып отырған шараға облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистер және блогерлер қатысуда.
Семинардың лекторлары – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай және республикалық «El.kz» интернет жобасының жетекшісі, медиатренер Бэлла Орынбетова.