Биыл Жамбыл облысы бойынша 2 365 өнім сынамалары сатып алынды, сәйкес емес деп анықталғандары — 1319 немесе 55,7 %. Оның ішінде тамақ өнімдері – 1 431, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес еместері — 712.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Алибаева айтты. Оның мәліметінше, ет өніемдерінен 96 сынама алынған, 54-і сәйкес емес.
«Құс еті мен құс еті өнімдерінің 117, 81-і сәйкес емес. Балық және балық өнімдерінің 88-і сәйкес емес. Сүт және сүт өнімдерінің — 256-сы, кондитерлік өнімдердің — 154-і сәйкес емес. Балаларға арналған тауарлардан 265 сатып алынса, 221-і талапқа сай келмейді. Оның ішінде балалар ойыншықтарының 159-ы сәйкес емес. Адам терісімен жанасатын материалдардың (киім, аяқ киім) 182-сінен сынама алынып, 154-і сәйкес еместігін анықтадық», — деді спикер.
Салтанат Қордабайқызының айтуынша, сәйкес емес деп анықталған өнімдер бойынша жеке кәсіпкерлерге кемшіліктерді жою туралы 118 ұйғарымдар берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама толтырылып, 566 655 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды. Сәйкес емес деп анықталған өнімдердің өндірушілеріне 50 хабарлама және хаттар жолданды.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі