Жамбылда J-RECEPTION.KZ сайты іске қосылды

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен “Интернет-қабылдау” және Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесі сайттарының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Жалпы ағымдағы жылы басқарманың “Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру және жүргізу” және “Интернет қабылдау” сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу” атты әлеуметтік жобалары аясында интернет-сайттар ашу жоспарланған.

Жобалардың үйлестірушісі — “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли сайттарды ашудағы басты мақсат-xалықпен кері байланыс орнату екенін атап өтіп, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Сонымен қатар, “ Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” Заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Исламбек Дастанның айтуынша, сайтта түрлі бағыттарда айдарлар ашылып, қоғаммен кері байланыс орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, аудан, облыс, еліміздегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, “Сұрақ-жауап”, «Қоғамдық бақылау» сынды түрлі айдарлар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер орналастырылатын болады.

Ендеше құрметті облыс тұрғындары Jambyl oblysi Qogamdik kenesi және J-RECEPTION.KZ сайтына тіркеліп, мазалаған кез келген сұрағыңызға жауап табуға асығайық!

басты жаңалық
Comments (0)
Add Comment