Жамбылда балалардың суға кетуі жиілеп кетті

Тараздың жекеменшік демалыс орындарында қайғылы оқиғалар тіркелді. Жасөспірім мен 4 және 7 жасар балалар суға кетті.

«Күншуақ» демалыс орнының аумағында 7 жасар бала бассейнде шомылып жүріп, суға батып кетті. Куәгерлер баланың денесін судан өз беттерімен алып шыққан», — деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, «Уатервиль» жекеменшік демалыс орнының маңындағы хауыздан куәгерлер 14 жастағы жасөспірімнің денесін алып шықты.

Ал, кеше Қордай ауданы Қалғұтты ауылынан ағып өтетін Қалғұтты өзенінде 4 жасар бала белгісіз жағдайда суға кеткен. Куәгерлердің айтуы бойынша, ол ата-анасының қарауынсыз қалып қойған.Баланың денесі жергілікті тұрғындардың күшімен судан табылып, шығарылды.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, адамдардың шомылуға арналған жерлерде қаза табуы жиілеп кеткен. Осылайша, 2 тамызда «Жаңатас» қалалық жағажайында 54 жастағы ер адам суға кетіп, мерт болған.

Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыстың су қоймаларында арты қазаға алып келген 15 жағдай тіркелген.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment