Жамбылда адам қағып өлтірген жүргізуші сотталды

stockphoto.com

2025 жылдың тамызында сотталушы Құлан ауылындағы Қазпошта ғимаратының жанында «BMW» автокөлігін басқара отырып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан азаматшаны абайсызда қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, оны қатаң жазаламауды өтінді.

Жәбірленуші тарап (қайтыс болғанның ұлы) сотталушы материалдық залал мен моральдық зиянды өтегенін түсіндіріп, шешімді соттың қарауына қалдырды.

Сот сотталушының оң қырынан сипатталуын, кінәні мойындауын, өкініш білдіруін, кездейсоқ жағдайлардың салдарынан бірінші рет қылмыс жасауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Сот үкімімен жүргізуші ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Тэгтер:

лда адам қағып өлтірген жүргізуші сотталды

Алуа Арман
istockphoto.com

Comments (0)
Add Comment