Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай көрме-жәрмеңке өтеді

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Шаһарда апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Осы сенбіде Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай көрме-жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңке «Көне Тараз» кешені аумағында, Төле би даңғылы, 18/6 мекенжайында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылады.
Құрметті қала тұрғындары! Осы сенбіде, 5 қазан күні «Көне Тараз» кешені аумағында, Төле би даңғылы, 18/6 мекенжайына асығыңыздар!
Жәрмеңкеге келіп, күзгі жиын-теріннен алыңыздар!
Comments (0)
Add Comment