Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің өкімімен «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.