Жамбыл облысындағы ең танымал бала есімдері

2025 жылдың басынан бері Жамбыл облысында 15 мыңға жуық туу туралы акт жазбалары тіркелген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының мәліметінше, биыл ұл балалар арасында Алихан және Мұхаммед есімдері бірдей деңгейде танымал болса, қыз балалар арасында Айлин есімі көш бастап тұр.
Айта кетейік, биылғы жылы өңірде ұлдарға көбінесе Алихан және Мухаммад есімдері қойылған – олардың әрқайсысы 165 сәбиге берілген. Екінші орында 162 балаға берілген – Мұхаммед есімі. Үшінші орында – Айсұлтан есімі (152 бала).
Қыз балалар арасында ең көп қойылған есімдер – Айлин (301), Асылым (280) және Медина (245).
Сонымен қатар, биыл жаңа туған сәбилерге жиі қойылған есімдердің қатарында Омар, Амир, Алан, Хамза, Айша, Аяла, Сафия және Мариям есімдері бар.
Еске сала кетейік, баланың тууын тіркеуге өтінімді бірнеше тәсілмен беруге болады: ХҚКО арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Бұдан бөлек, азаматтар бұл қызметті проактивті форматта да ала алады. Яғни, сәби дүниеге келгеннен кейін бір тәулік ішінде анасына 1414 нөмірінен қызметті алу үшін қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен сұрайтын және нұсқаулық беретін құттықтау SMS-хабарламасы келеді.
Comments (0)
Add Comment