Жамбыл облысында ұстаздарға құрмет көрсетілді

5 қазан – Мұғалімдер күніне орай Жамбыл облысында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, сондай-ақ құқық қорғау органданың және басқармалардың басшылары, ардагер ұстаздар, білім саласының өкілдері мен ата-аналар қауымы қатысты.
Мерекелік шара барысында ұстаздар қауымының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы ерекше атап өтіліп, білім саласының үздіктеріне шынайы алғыс білдірілді.
Жамбыл облысы педагогтерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық әлеуеті жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың басынан бері 92 мұғалім түрлі халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, академик Асқар Жұмаділдаев атындағы халықаралық және IMPACT шығармашылық сайыстарында математика, физика және информатика пәндері бойынша 14 мұғалім жеңімпаз атанып, командалық есепте республика бойынша І орынға ие болды.
Сонымен бірге «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық байқауда аймақ командасы да І орынды жеңіп алды.
Соңғы жылдары өңірдің 52 ұстазы «Үздік педагог» атағына ие болса, 7 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.
Жиында білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін бірқатар педагогке құрмет көрсетілді.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Жамбыл облысы білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» РҚБ Меркі аудандық филиалының төрағасы Мадина Асанжанова жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамоталары мен Алғысхаттары салтанатты түрде табысталды.
Бұдан бөлек, білім саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, шәкірт тәрбиесінде озық үлгі көрсеткен 13 ұстазға арнайы номинациялар қаржылай сыйақылар берілді.
Іс-шара соңы оқушылар мен өнерпаздардың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment