Таразда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кешке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, балаларды құттықтады.
Аталған шараға 200 бала жиналды, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары, ерекше білім беруді қажет ететін балалар бар.
Барлық қатысушыларға жаңа жылдық базарлықтар, құттықтау хаттары, Мемлекет басшысының атынан 120 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.
Шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады.
Сондай-ақ шыршаға қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды.