Оның айтуынша, облыс бойынша 11 қала сыртындағы сауықтыру лагері бар, оның 4-і мемлекеттік, 2-і сенімгерлікке берілген, 5-і жекеменшік лагерь. Аталған лагерьлерден бөлек жыл бойына жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, осы орталықта балаларды сауықтырумен әрі демалыспен қамту жоспарлануда.