Жамбыл облысының Талас ауданында ҚР Қарулы Күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде штаттан тыс жағдайда жерге қонды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.