ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 6 қазан сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер дүмпуі Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде сезілді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес зардап шеккендер және бүлінген әлеуметтік нысандар туралы деректер тіркелмеді.
Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бақылауында.
ТЖД базасында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
Зерделеу жұмыстары жалғасуда.
Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
ҚР ТЖМ командалық орталығы — 87172-704118
Жамбыл облысы ТЖД — 87262-513575
Облыс тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, тек ресми мәліметке сүйенуге шақырамыз.