Аймақ басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
— Әр адам үшін ана ұғымы – ең қасиетті, ең қастерлі сөз. Себебі, Ана — қоғамның тірегі, отбасының шуағы, береке-бірліктің шырақшысы. Қазіргі таңда облысымызда 46 мыңнан астам көпбалалы ана болса, оның ішінде, «Алтын алқа» иегерлері 6 мыңға жуық, «Күміс алқа» иегерлері 11 мыңнан асады. Бұдан бөлек, өңірімізде жүз жасаған және асқан 40-қа жуық қарт әжеміз бар, — деген облыс әкімі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жиынға қатысушылар ұлттық салт-дәстүрдің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, білім мен денсаулық сақтау, кәсіпкерлік саласын дамыту, ұрпақтар арасындағы сабақтастық, неке мен отбасы институтын қорғау және нығайту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында облыс әкімі бірқатар нәзік жандыларға Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы орталықтың жұмысымен танысып, үйірмелерді аралап көрді.