Жамбыл облысында 300-ге жуық қызмет алушының құқықтары жүзеге асырылды

Мемлекет басшысымен бекітілген Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделіне көшу кезінде мемлекеттік қызметшілердің проактивті мінез-құлқына назар аударылатын болады. Мұндай тәсіл біржақты — билік әдістерінен бас тартуды білдіреді, бұл мемлекет ұсынатын барлық игіліктер мен қызметтердің бюрократиясыз және әуре-сарсаңсыз қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау функцияларын жүзеге асырушы орган ретінде халыққа сапалы қызмет көрсету, азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процестерін жетілдіру, сондай-ақ қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқарады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамаға  сәйкес, мемлекеттік органдар мен мекемелер көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы қызмет көрсетуге және көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті болып табылады.

Дегенмен, Департамент тарапынан жүргізілген бақылау шаралары заңның бұл талабы кейбір жағдайларда орындалмайтындығын көрсетті.

Мәселен, Департаментпен Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсетудің заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында 2024 жылдың 8 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған 1 691 өтінімнің ішінде 525-і қызмет алушымен жеке кабинетіне жолданған жер учаскесін бөліп беру схемасын уақтылы келіспеуіне (10 жұмыс күні ішінде) байланысты бас тартылғандығы анықталды.

Бұл жағдайда аталған схемаларды келісу қажеттігі туралы қызмет алушылар хабардар болмаған, яғни қызмет көрсетуші өзінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамаған.

Департаментпен қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында енгізілген ұсыныстың негізінде қызмет алушылардың ұялы телефондарына жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу қажеттігі  туралы СМС хабарлама жолданатын болды, яғни қызмет алушылардың өз құқықтарын жүзеге асуруға жағдайлар жасалып, формальді түрде бас тартуларға шектеу қойылды.

Нәтижесінде, 273 азаматқа мемлекеттік қызмет қайта көрсетіліп, олардың заңда көзделген құқықтары жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтары бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласуға болады.

Өтініштер «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы беріледі.

 

 

Р.Шарипов

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Comments (0)
Add Comment