Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен факторлық-баллдық шәкіл мәселесі бойынша кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол Елбасының Жолдауына сәйкес , «Ұлт жоспары» 100 нақыт қадамның 5,6 тармақтарын іске асыру аясында факторлық-баллдық шәкіл негізінде мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделі енгізілуде екенін жеткізді. Жалақы төлеудің жаңа моделі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» №939 қаулысы негізінде іске асырылуда.
Мемлекеттік органдардағы жалақы төлеудің жаңа моделі облыстың 2830 мемлекеттік қызметкерін қамтиды. Қолданыстағы жалақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың жылдық жалақысы 4,9 млрд. теңгені құраса, алдын-ала есептеулер бойынша факторлық-баллдық шәкіл негізінде жаңа моделді енгізуге қажеттілік 5,4 млрд. теңгені құрауда.
Облыстық деңгейде 27 бөлімді біріктіру арқылы 2 бөлім басшысы, 1 бас маман қысқарып, 27 бөлім басшысы, 66 бас маман мемлекеттік қызметтің төмен деңгейіне ауысады, 17 штаттан тыс қызметкер қысқарады. Нәтижесінде 49, 5 млн. теңгені құрайтын болады деп күтілуде.
Аудандар мен қала және ауылдық округтер деңгейінде де бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Асқар Исабекұлы жаңа жүйе бойынша қысқаратын, біріктіру арқылы мемлекеттік қызметтің төмен деңгейіне ауысатын мемлеккеттік қызметшілердің тізімін нақтылауға бір апта уақыт берді. Оған барлық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуы міндеттелді. Сонымен қатар, өңір басшысы тізімді нақтылаула еңбек өнімділігі мен қадеттілікке мұқият мән беру керектігін ескертіп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.