2025 жылы әлеуметтік осал топтарға кәсіп ашу және жұмыссыздықты азайту мақсатында әрқайсына 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлемінде грант бөлінді.
Грант алғандардың басым бөлігі – көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.
Қаржы мал және құс шаруашылығы, тігін, кондитерлік өнімдер, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану және басқа да бизнес бағыттарына жұмсалуда.
Грант тек бір рет беріледі және тек бизнес ашуға/дамытуға арналған.
Үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, бизнес-жоспарын қорғау арқылы грант иегері атанады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының
«Өңірлік коммуникациялар қызметі»