Жамбыл облысында эспортқа шығатын еттің көлемін ұлғайтуға баса назар аударылуда, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының Меркі ауданындағы ет комбинаты дамудың жаңа деңгейіне шықты. «Меркі ет комбинаты» ЖШС екі ирандық компаниямен қойды экспорттау жөнінде келісім жасасты. Осыған сәйкес, 4 мың тонна етті жеткізу жоспарланған. Өткен жылы Иранға 200 тонна қой еті жеткізілген. Кәсіпорын тоқтап қалуға мәжбүр болғаннан кейін қайта іске қосылып, жылдың басынан бастап тағы да 200 тонна ет экспорттады.
«Меркі ет комбинаты» ЖШС директорының орынбасары Сұлтан Әлиасқаровтың айтуынша, кәсіпорын бірден 20 тонна етті экспортқа жөнелте алады. Мұнда күніне 150-ден 300 қойға дейін сойылады.
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» кешенді жобасының аясында ауданда репродуктивті шаруашылықтардың, мал сою алаңдарының құрылысы жүріп жатыр, шаруа қожалықтары даму үстінде. Қой және ірі қара мал өсірумен айналысатын «Олжа», «АР-АС», «Нарт», «Нейля-С», «Қасапхана», АО «Меркі асыл тұқымды зауыты» сынды ірі жеті шаруа қожалығы және 6 мал сою алаңдары бар.
Өткен жылы «Меркі ет» ЖШС-ның ет комбинаты қайта салынды. Ол жылына 250 мың тонна шұжық өнімдері мен 262 құты ет консервілерін береді. Жобаның құны — 621 млн тонна. Сондай-ақ, 3 мың ірі қара мал басына арналған мал бордақылайтын алаң салынып жатыр.
«Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-да қыстаудың инфрақұрылымы жаңартылып, бақташыларға арналып 20 үй, қой ұстау үшін арнайы 18 үй-жай салынды. Құрылысты әлемдік стандарттарға сәйкес канадалық технологиялық үлгі бойынша «Агростан» ЖШС салды. Жобаның құны 740 млн теңге болды.