2022 жылдың 10 қарашасында Жамбыл облысы бойынша Шекара кызметi және ҰҚК департаменттерімен өткiзiлген жедел-iздестiру шараларының нәтижесінде Мемлекеттік шекараның Қазақстан-қырғыз аумағында заңсыз көші-қон әрекеттерін ұйымдастырған қылмыстық топ тәркіленді.
Күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1- шi бөлiгi негiзiнде «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейiнгi тергеу іс-шаралары басталды. Қылмыстық топ елден шығуға тыйымдары бар тұлғаларға ақша алу тәсілімен Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтуін ұйымдастыруды жүзеге асырған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті