Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды

2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясының шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігін иеленген.

Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемсанэпидқадағалау департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының маманы лауазымынан бастады.

2007-2009 жылдары — Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.

2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы.

2011-2019 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, бас консультант — бас мемлекеттік бақылаушысы, бас консультант-мемлекеттік аудиторы, сектор меңгерушісі.

2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың наурызына дейін — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.

2020 жылдың наурызынан 2022 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директоры.

Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 21-6 шешіміне сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Есеп комитеті Төрағасының құрмет грамотасы, I-дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төс белгісі, III-дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»мерекелік медалімен наградталған.

Comments (0)
Add Comment