Ол Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «сумен жабдықтау және канализация», 2003 жылы Туран университетін «құқықтану», Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін «бағалау (салалар және қолдану аймақтары бойынша) мамандықтары бойынша бітірген.
▪️Еңбек жолын 1987 жылы Арқалық қаласында «Тургайсельхозводопровод» мекемесінің шебері болып бастаған.
⏳Әр жылдары Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық клубының меңгерушісі, Т.Рысқұлов ауданы «Алғабас» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, директордың орынбасары, жастар ісі жөніндегі жетекшісі, Өрнек ауылының әкімі, «Подгорный агрокорпорациясы» ЖШС президентінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және отын-энергетикалық кешені бөлімінің бас маманы, «Құрылысконсалтинг Ұлттық Орталығы» ААҚ Алматы облыстық филиалының директоры, Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
✅Сондай-ақ, 2012-2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы, 2015-2018 жылдары Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының жер қатынастары басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.
☑️2022 жылғы наурыздан бастап «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі