Жамбыл облыстық орыс драма театры Македонияда өнер көрсетеді

Жамбыл облыстық орыс драма театры ағымдағы жылдың 26 – 29 шілде аралығында Македония Республикасының Велес қаласында өтетін «STOBI – 2018» 17-ші Халықаралық театр фестиваліне қатысатындығын хабарлайды.

Фестиваль барысында театр Эдвард Радзинскийдің «Нерон и я» қойылымын сахналайды. Қоюшы – режиссер – Қуандық Қасымов.

2016 жылдың 4 қазанында Эдвард Родзинскийдің пьессасының желісі бойынша сахналанған «НЕРОН и Я» атты қойылымы театрды сүйіп көретін көрермендерін күтуде. Рим елінің билеушісі Нерон әміршісі туралы баяндалғанмен ол, бүгінгі болып жатқан заманауи өзгерістерді меңзейді.

Қойылымның идеясы — билік пен диктаторлық көрініс, саяси қастандықты әшкерелеу мен оларға қорлық жасау әрекетіне жанама түрде адам тағдырының трагедиялық тұстарының жанасуы.

Comments (0)
Add Comment