Жамбыл облыстық білім басқармасы Call-орталығын іске қосты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 2018 жылдың 1 тамызынан бастап Сall-орталығын іске қосты, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Орталықтың 43-88-14 (Тараз қаласының коды – 7262) сенім телефоны арқылы аймақ тұрғындары облыстағы мектептерге қатысты кез келген сұрақтарына жауап ала алады.

Жалпы, жаңа оқу жылында 447 мектеп жұмыс істейді. Оларға 215 мыңнан аса оқушы келуі  жоспарлануда, оның ішінде 1-ші сыныпқа 26255 оқушы келеді.

Биыл 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек. Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын (149 мектеп, 59 балабақша, 13 мектептен тыс мекеме) ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн. теңге бөлінді.

Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Мектеп оқушылары «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес кезең-кезеңімен оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаға сәйкес 3,6,8-сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне, «Өлкетану» оқулығына, 1,2 сынып оқушыларына арналған дәптерлеріне тапсырыс берілген. Бүгінгі таңда білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес мектеп оқушыларының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге 2 млрд. 493 млн. 781 мың теңге қарастырылды.

Жаңа оқу жылында Жамбыл облысының барлық мектептеріне оқулықтар 100% жеткізілді.

Балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі — мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру. Облыстағы 447 мектептің 400-де (89,5%-да) асханалары бар, қалған 47 мектептің 19-да буфет, 28 мектепте асхана да буфетте жоқ (2 НМ, 26 БМ). 117-сі (26,2%) қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Асханасы бар мектептердегі оқушыларды бір мезгіл ақылы және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасалынған. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылар (28307) 100% бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады.

Мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды оқумен қамту үшін барлық жағдайлар жасалады. Алдағы оқу жылында 2567 оқушы 88 автобуспен тасымалданады. 875 оқушы мектеп жанындағы интернаттарға орналасады.

Үстіміздегі жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» атты акциясы «Бақытты балалық шақ мекені!» ұраныменөткізілуде. Акция барысында жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жергілікті бюджет және демеушілер есебінен қолдау көрсетіліп, қажетті киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілетін болады.

Comments (0)
Add Comment