ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАРАША ХАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ТҮСПЕСЕ ДЕЙДІ

Түрлі гаджеттердің пайда болуымен интернет-алаяқтықтың да түрі-түрі шығып жатыр. Қылмыскерлер қашықтықтан отырып-ақ, арам ойларын жүзеге асыруда.

Осы орайда, Жамбыл ауданындағы ірі сауда дүкендері мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда алаяқтықтың алдын-алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Алаяқтыққа жол жоқ» акциясы аясында 300-ден астам жадынама таратты.

Парақшаларда айлакерлерден сақтану әдістері және мамандардың нөмірі жазылған.

Жамбыл аудандық полиция бөлімі

Comments (0)
Add Comment