“Нұр Отан” партиясының бастамашылар жобалары аясында жастарға арналған “Коворкинг” орталықтар ашу жобасы бойынша “Нұр Отан” партиясы Жамбыл аудандық филиалының қолдауымен Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында “Коворкинг” орталығы ашылды.
Бұл орталықтың ерекшелігі ауылдық жерде ашылуында, мұнда жастар өз уақыттарының тиімді пайдалану сонымен қатар тегін әлеуметтік желіге кірумен қатар түрлі форматтағы іс-шаралар үйірмелеріне, ұлттық ойындар ойнауға мүмкіндіктері бар.
Орталықты ашуға партия облыстық филиалының төрағасының орынбасары Ш.Тілеумурат, Аудан әкімі Б.Қазанбасов, партия аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Н.Несіпбеков, облыстық Ш.Уалиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Э.Абдимова және аудандық кітапхананың директоры А.Қалисаева ашып тілектерін жеткізді.