Жалған ақпарат берген Түркістан облысының 174 әкімі жазаланды

Түркістан облысының 174 әкімі жасанды жайылым тапшылығын тудырғаны үшін жазаланды деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс прокуратурасы әкімдерді 5 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.

Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.

«Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн га-дан 652 мың га дейін төмендеген», – делінген хабарламада.

Comments (0)
Add Comment