Жақсыдан шарапат

Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды. Дегенмен де дер кезінде жасалған көмек көңілге қуаныш сыйлайтыны анық.
Бүгінде қыстың қамын жазда ойлайтын ауыл тұрғындары үшін малдың жем-шөбін жинау оңай шаруа емес. Әсіресе, қолы қысқа шаруаларға қиындау екені жасырын емес.
Аталған шаруаның оң шешілуіне тамдылық кәсіпкерлер қолдау көрсетуде. Атап айтар болсақ, игі істі бастаған «Марат» ШҚ-ның төрағасы Арман Сейтқасымов Тамды ауылында тұратын асыраушысынан айырылған жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қысқы мал азығын дайындап беруді қолға алды. Жақсының шарапатын көрген ауыл тұрғындары дән риза.
«Марат» шаруа қожалығының игі бастамасын жалғастырып жатқан басқа да шаруа қожалықтардың еңбектеріне табыс тілейміз.
Comments (0)
Add Comment