Өз туған жерім Жамбыл облысынан бастау алған іс-шараға қолдау көрсеткен облыс әкімі Шырақпайұлы Ербол мырзаға, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлына, Сарысу ауданының әкімі Сәкен Үмбетұлына, әкімшілік қызметкерлері Бекнұр, Данияр, Құдайберген мырзаларға, Ш.Уәлиханов атындағы кітапхананың директоры Әбді қызы Эльмира ханымға — баршаңызға мың алғыс!
Сол жақсы бастаманың жалғасы бүгін Түркі мемлекетінің астанасы Анкарада, тарихы терең, өткен ғасырларда Жібек жолының үсті болған жерді Түрік мемлекетінің алғашқы президенті Ататүрік өзі ашқан Anadolu Medeniyetleri Müzesi-де жалғасын тауып, 3 қазан — Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күніне орай ТҮРКСОЙ және Алатау ақпарат медиа холдингінің бастамасымен, қолдау болып фотосурет көрмем ашылып жатыр. Мен үшін бұл үлкен мәртебе, қуаныш.
Бұл суреттерімде түркі елдерінің ортақ құндылықтарын, салт-дәстүрлерін көрсеткім келді. Салт-дәстүр ұлттың мәдениеті мен тәрбиесін ұстап тұратын негізгі тұтқасы.