Азаматтық қорғау саласындағы ахуалды жақсарту – қазіргі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құтқарушылар қызметіне қолдау көрсетудің және азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жаңа жыл ауданымыз үшін жағымды жаңалықпен басталды. Төле би ауылындағы №19 Өрт сөндіру бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Маңызды нысанның ашылуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Арман Тоқанов, ардагерлер мен Шу ауданы азаматтық қорғау гарнизонының жеке құрамы қатысты.
Қазіргі таңда №19 Өрт сөндіру бөлімінің меншігінде 4 көлік бар: 3 өрт сөндіруге, 1 құтқару жұмыстарына арналған автосаты. 19 қызметкердің ішінде 5 офицер, қалғаны сержанттық құрамда.