Жүзу білмейтін ер адам екі ұлын құтқарамын деп суға батып кетті  

Аустралияның оңтүстік-батысында туристер арасында танымал жағажайда екі ұлын құтқармақ болған ер адам суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Яллингап жағажайында болған. Аты аталмаған 50 жастағы ер адам жасөспірім-ұлдарымен Перта қаласынан келген. Бір мезетте ер адамға теңізде шомылып жүрген ұлдарының суда тұншыққандай көрінген, сол бетте ол суға қарай жүгірген. Жүзе алмаса да суға беттеген.

Аустралиялық суда сасқалақтап, ұлдарының көз алдында теңіз түбіне кете бастаған. Ер адамды жағажайдағы адамдар жағаға алып шыққан, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Басылым мәліметінше, жасөспірімдердің денсаулығына еш зиян келмеген.

Comments (0)
Add Comment