Жүрек жұмысына қауіп төндіретін тәттілер анықталды

 

Ғалымдар жүргізген екі зерттеуге 69 мың 705 адам қатысты. Қатысушылар швед маммографиялық когорты және швед ерлер когорты қант түрлерінің жүрек пен қан тамырларына әсерін зерттеу үшін пайдаланылды. Зерттеу 1997-2009 жылдар аралығын қамтыды.

Қатысушылардан дұрыс тамақтану, диета туралы сұралды. Бұл ғалымдарға қантты тұтыну мен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеушілер қант тұтынуды үш санатқа бөлді:

  • Қант қосылған (бал, сироптар);
  • кондитерлік өнімдер (шоколад, нан өнімдері);
  • Тәтті сусындар (газды сусын мен шырын).

Талдау қантты сусындарды ішудің ишемиялық инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, жүрекшелердің фибрилляциясы және абдоминальды аорта аневризмасы сияқты аурулардың қаупін арттыратынын анықтады.

Керісінше, кондитерлік өнімдерді анда-санда тұтынатын адамдардың жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсы болды. Бұл тәттілер түрінде қантты қалыпты тұтыну денсаулыққа елеулі қауіп төндірмейтінін көрсетеді.

Бір таңқаларлығы, жүрек-қан тамырлары ауруларының ең жоғары қаупі диеталарында қанттың аз мөлшері бар қатысушылардан анықталды. Ғалымдардың болжамынша, бұл адамдар бұрыннан  қатаң диета ұстанған болуы мүмкін.

https://stan.kz/zhurek-zhymisina-kauip-tondiretin-tattiler-aniktaldi-411176/

Comments (0)
Add Comment