«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН ҚАТЫНАСТАРЫ: ӨҢІРАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Алматы облысы дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетімен келісіліп «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары: өңіраралық тәжірибе алмасу» республикалық семинар-практикум өткізді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, зайырлылық қағидаттарды ілгерілету, діни ахуалды зерделеу саласында тәжірибе алмасу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеяларының алдын алу болып табылады.

Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы Арын, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы, философия ғылымдарының PhD докторы Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре, ҚР ҰҚК Академиясының терроризм және діни экстремизмге қарсы дайындық орталығының оқытушысы, дінтанушы Болат Шаймолданұлы Шоманов, облыстық дін істері басқармаларының басшылары мен орталық директорлары, ЖОО ректорлары, дін саласына жауапты мамандар.

Жиын аясында Алматы облыстық дін істері басқармасының іс-шараларынан мағлұмат беретін сурет көрмесі ұйымдастырылып «Дін – бірліктің рухани тірегі» атты фильм көрсетілді. Кейін, Алматы облысының Дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мен «Діни экстремизм құрбандарымен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» жұмыстары таныстырылды.

Қазақстанда 18 түрлі конфессияның 3,5 мыңнан астам діни субъектілері тіркелген. Осыншама алуан түрлілікке қарамастан, біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дін бостандығын қорғаудың тепе-теңдігін сақтай білдік. Біз елімізде конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің көпшілік мойындаған ерекше қазақстандық моделін қалыптастыра алдық. Қазақстан тәжірибесін әлемдік ауқымда да толық қолдануға болады деп сенемін.

Н.Ә. Назарбаев

(Әлемдік және дәстүрлі діндер

көшбасшыларының VI Съезіндегі сөзі)

Comments (0)
Add Comment