Қазақстанда тағы бір өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алды.
Оқиға ШҚО, Зайсан қаласында 7 қараша күні кешкі сағат бесте болған. 19 жастағы шекарашы сарбаз өзіне АК-47 мылтығынан екі рет басына оқ атқан. Марқұм сарбаз Түркістан облысының тумасы.
Оқиға орнынан қоштасу хаты табылмады. Сарбаз оқ жарақатын алса да, өлімінің себебін «механикалық тұншығу» деп көрсеткен. Іске қатысты тергеу басталды.
Бұған дейін, 14 қазанда Қарағанды облысында бір әскери қызметкер өз басына оқ атқан еді.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy