Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде
«Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастықты арттыру, сондай-ақ балалардың дене, танымдық және эмоционалдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға бағытталды.
Семинардың ашылуында Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы сөз сөйлеп, жасөспірімдер тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігі мен қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында келесі баяндамашылар өз бағыттары бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды:
«Ата-ана – ұстаз – шәкірт арасындағы рухани қарым-қатынас» тақырыбында ата-ананың баламен байланыс қалыптастырудағы рөлі жөнінде құнды ойлар айтты.
«Заң және тәртіп» қағидаты бойынша құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы материалдар ұсынды.
«Тайып бара жатқанға таяныш бол» тақырыбында жасөспірімдердің әлеуметтік ортадағы қиындықтары мен оларды қолдау жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді.
«Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және Лудомания – XXI ғасыр дерті» тақырыбында өзекті мәселелерді көтеріп, ата-аналарға профилактикалық кеңестер берді.
«Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық қарым-қатынас» бойынша баланың психоэмоционалдық жағдайын түсіну және қолдау тәсілдерін түсіндірді.
Іс-шара ата-аналардың белсенді талқылауы мен тәжірибе алмасуымен қорытындыланды.
Балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі – баршамыздың ортақ міндетіміз.