Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Форумға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, баланың қауіпсіз әрі бақытты өсуі – тек мектептің ғана емес, ең алдымен отбасының, қоғамның жауапкершілігі екенін айтты. Сонымен қатар, «Жас StarGov» клубының мүшелеріне арнайы куәлік тапсырды. Мұнан соң аудан прокуроры Елдос Әмірхан «Жас прокурор», аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы «Жас сарбаз», ауданы төтенге жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Тастыбаев «Жас құтқарушы» куәліктерін табыстады. Тәрбие алаңына айналған форумда облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Нәзима Жұбандықова мен аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов та сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.