“Заң мен тәртіп қағидасы” аясында жол қауіпсіздігі күні өтті

Жамбыл ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан көлемінде “Жол қауіпсіздігі күні” атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты — жүргізушілердің жол ережелеріне деген жауапкершілігін арттырып, апаттың алдын алу.
Акция аясында аудан прокуратурасы мен полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда рейд ұйымдастырды. Жол бойындағы жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр адамның өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні кеңінен түсіндірілді.
Мұндай шаралар көлік жүргізушілерінің тәртіпке бағынуына және қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Comments (0)
Add Comment