ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕРІ

Кескіндемеші Әбжанова Анар 1986 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында туған. Алматыда тұрып, қызмет істейді.2012 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Станоктық кескіндеме» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы «Кескіндеме» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі.
Марапаттары мен атақтары: Қазақстан, Иран, Жапония, Ресей, Тайвань, АҚШ, Франция, Италиядағы конкурстардың жүлдегері. «Бейнелеу өнері» номинациясында «Шабыт» ХІ Халықаралық жастар шығармашылығы Гран-при иегері. «Леонардо да Винчи әмбебап суретші» ІІ Халықаралық сыйлығының лауреаты (Италия, 2018).
https://www.facebook.com/100063523662782/posts/pfbid036cAjTHPrFkrLEYgHmEYjhBEuoBcSRcB6bGDR7XdWGfuFuyAUSMtBLLmjGxLqcDo9l/
Comments (0)
Add Comment