Ыстықкөлде қазақстандық жүрек талмасынан қайтыс болды

Қазақстан азаматы Ыстықкөлде жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Ыстықкөл (Қырғызстан) жағалауындағы Бостері кентінде 1979 жылғы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растаймыз. Марқұмның денесін туыстары бүгін алып кетеді. Оларға консул барлық қажетті көмекті көрсетуде. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ол жүрек талмасынан көз жұмған», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм демалуға Шымкенттен келген.

Еске сала кетсек, бұған дейін 5 тамызда құқық қорғау органдарына Бостеріде  ер адамның көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түскен. Ер адамның денесі коттедждегі нөмірден табылған.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment